Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қызылордадағы атысқа қатысты ұсталған күдіктілерден есірткі, қару-жарақ тәркіленді

AstanaTV
11.05.2022ж. 20:00
2234
Қызылордадағы атысқа қатысты ұсталған күдіктілерден есірткі, қару-жарақ тәркіленді

Қызылордадағы атысқа қатысты  6 күдікті ұсталып, қамауға алынды.   Олардан 5 қару-жарақ, бірнеше оқ-дәрі және есірткі тәркіленген. 7 автокөлік айғақ зат ретінде алынған. Ал қалған 4 адамға іздеу жарияланды. Естеріңізге салайық, 7 мамыр күні  қаланың   қақ ортасында атыс болып, үш адам қаза тапты.   Жұрттың жағасын ұстатқан оқиғаның  себебі әзірге белгісіз. Атыс кезінде оқ тиіп, жарақаттанған  үш қала тұрғыны ауруханада жатыр.  Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы тұрақты. Олар да полицейлердің қатаң бақылауында.  

Байжан БАЙГЕЛДІ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған фактілер бойынша 8 қылмыстық іс қозғалып, оның ішінде 2-еуі адам, кісі өлтіру бойынша, 2 бұзақылық, 3 заңсыз қару айналысы және 1 есірткінің заңсыз айналымымен қылмыстық істер қозғалған. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша керекті сараптамалар тағайындалып, қылмыскерлердің қалған сыбайластарын ұстау шаралары жүргізілуде.  

М. Тоқтасынқызы