Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Нұр-Сұлтанда бүлдіршінді періштесі қақты

AstanaTV
11.05.2022ж. 20:00
1394
Нұр-Сұлтанда бүлдіршінді періштесі қақты

Нұр-Сұлтанда 8-қабатта салбырап тұрған баланы кездейсоқ ер адам құтқарып қалды. Куәгерлердің айтуынша бүлдіршін анасын көмекке шақырып жарты сағаттай терезе жақтауына жармасып тұрған. Мамандар 3-жастығы қыз бала ересектердің қарауынсыз қалғанын хабарлады.  Өз өмірін қауіпке тігіп, баланы құтқарған Сәбит Шонтақпаевты, желі қолдагнушылар бүгінгі күннің батыры деп таныды.  

Мына кадр алдымен әлеуметтік желіде жылдам тарады. Ұлы Дала көшесінде орналасқан тұрғын үй кешенінің 8-ші қабатында салбырап тұрған баланы кездейсоқ байқап қалған көршісі құтқарып қалды. Куәгерлердің айтуынша, 3 жастағы бүлдіршін шамамен 30 минуттай биіктікте ілініп тұрған.

Әйгерім ҚАЙРАТҚЫЗЫ, КУӘГЕР:

Есікке қарап тұрған едім, 4 еркек жүгіріп кірді. Мынау қай подьезд, мына подьздтің кілті бар ма. Сосын мен ойлаппын ұры ма біреу кіріп кеткен соның артынан қуалап кетіп жатқан шығар деп. Жүгіріп шықтым баланың дауысы шығады. Жоғары қараймын таппаймын. Сөйтсем жоғарыда ілініп тұр. Қатты ұсталынып алған "мама, помоги" деп.

Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, бұл кезде баланың ата-анасы үйде болмаған. Қазір анасымен мамандар профилактикалық әңгіме жүргізуде. Әлеуметтік желіге салып, жұртшылықты шулатқан видео авторы желі қолданушыларының белсенділігіне тәнтті. Ол мұншалықты тез таралып  кетеді деп ойламадым дейді. Бірақ баланы құтқарып қалған кездегі сезімін айтып жеткізе алар емес.

Бақыт ШЕТЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бейнежазба осыншама тез таралады деп ойламадым. Баланы құтқарған сәт әлі де көз алдымнан кетер емес. Біздің бүгінгі күннің батыры Сәбит балконға қорықпай шығып, 8 қабаттан қағып алған сәтін түсіріп алу бақыты бұйырыпты. Бастысы бала дін-аман.


Баланы құтқарған 37 жастағы Сәбит Шонтақпаев, көрші подьезде тұрады екен. Ол жылап, жанұшыра көмекке шақырған баланың дауысын ести сала көмекке ұмтылыпты. Астыңғы қабаттағы көршілердің есігін бұзып кіріп, баланы терезе арқылы аман алып қалған. Сәбит сол сәттегі бар ойым балғынды аман алып қалу ғана болғанын айтады.   

Сәбит ШОНТАҚПАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сол азанғы 10-да жұмысқа шығып бара жатқанмын. Осы бұрылыста екі үш кісілер жиналып жатыр екен, не болды деп қарап жатсақ, 8 этажда бала салбырап тұрғанын көрдім. Бар ойым тек баланы құтқару керек болды. Ары қарай ештеңе ойланбадым. Енді өзімде де белдік жоқ, сонымен қасымдағы жігіт бар бірге көтерілген Сағи деген жігіт аяғымнан ұстап тұрды. Мен неғұрлым баланы аман-есен алып қалуға тырыстым.

Өз өмірін қатерге тігіп, кішкентай қызды құтқарған Сәбит 4 баланың әкесі. Елордаға жұмыс барысымен, Қызылордадан келген. Ол бұрын соңды шекарашы болып қызмет еткен. Қазір бас қалада жалдамалы қара жұмыс істейді. Сәбит Шонтақпаевты төтенше жағдай министрлігі   батылдық пен ерлігі үшін марапаттады. Тіпті өрт сөндіру қызметіне жұмысқа шақырды.  

Ә. Дүкембаева