Референдумға өңірлердің үштен екісі қатысуы міндетті. Оның басым бөлігі Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдаса, онда басты құжатқа жоспарланып отырған түзетулер енгізіледі. Әділет вице-министрі Алма Мұқанова БАҚ өкілдерімен өткен брифингте осыны айтты. Ол референдум өткізудің ережелеріне жан-жақты тоқталды.
Алма МҰҚАНОВА, ҚР ӘДІЛЕТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Республикалық референдум туралы конституциялық заң бойынша, референдумға шығарылатын мәселе, егер ол үшін өңірлердің кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Сондай-ақ, вице-министр референдум өткізу - демократиялық институттардың дамуын көрсетеді деді. Ол Президент құрған заңгерлер мен ғалымдардан тұратын жұмыс тобы Конституцияға түзетулер жобасын ұсынғанын алға тартты. Дегенмен шешімді қараша халық қабылдайтынын ескертті.
Алма МҰҚАНОВА, ҚР ӘДІЛЕТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Ел халқы бұл түзетулерге жақтап дауыс бере алады немесе қарсы дауыс бере алады. Егер жақтап дауыс берсе, онда ұсынылған өзгерістер моделі іске қосылады. Егер халық қарсы дауыс берсе, онда түзетулер қабылданбайды және қолданыстағы модель сақталатын болады.
Б. Сатуов