$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Жаңа Конституция қазақстандықтарға демократиялық қоғамда өмір сүруге мүмкіндік береді», - Ринат Кертаев

AstanaTV
12.05.2022ж. 20:00
1719
«Жаңа Конституция қазақстандықтарға демократиялық қоғамда өмір сүруге мүмкіндік береді», - Ринат Кертаев

"AMANAT" партиясының хатшысы Ринат Кертаев, Елордалық Максим Горький атындағы орыс драма театрының ұжымымен кездесті. Ол театр әртістеріне референдумда дауысқа салынатын Конституцияға ұсынылған түзетулерді жан-жақты түсіндірді. Әсіресе облыс және Республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту мәселесіне ерекше назар аударды. Жаңа заң күшіне енсе, үміткерлер мәслихаттар арқылы келісілмек.  Ал депутаттарды халық сайлайтыны белгілі. Сондай-ақ, Ринат Кертаев адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесін арттыру мен өлім жазасын алып тастау туралы өзгерістерге де тоқталды. "AMANAT" партиясының хатшысы бұл реформалар саясаткерлерге емес, халыққа қажет екенін атап өтті.

Ринат КЕРТАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Біз түсінуге тиіс ең маңызды нәрсе – бұл реформалар, бұл референдум саясаткерлер үшін, саяси жүйені өзгерту үшін жасалмайды. Реформалар әрбір қазақстандықтың болашағына бағытталған. Жаңа Конституцияның бізге, балаларымызға, болашақ ұрпақтарымызға қазіргі заманғы демократиялық қоғамда өмір сүруге мүмкіндік беретінін түсінуге тиіспіз.

А. Съезбек