Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Ақтауда сарбаз әскерден қашып кетті ме?

AstanaTV
16.05.2022ж. 20:00
1280
Ақтауда сарбаз әскерден қашып кетті ме?

Екі күннен бері Ақтау қаласындағы 6656 әскери бөлімінің сарбазы Бағлан Әділбеков әлі табылған жоқ. Іздеу жұмыстары жалғасуда. Ол 14-ші мамыр күні қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге шыққан. Неге екені беймәлім түнде патрульдік бағыттан кетіп қалған. Қатардағы жауынгер арнайы жабдықтарды өз жасағының сарбаздарына тапсырған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. 19 жастағы сарбаздың әскери қызметін аяқтауына бар болғаны екі апта уақыт қалыпты. Бөлім басшылығы да Бағлан Әділбековтың бұған дейін теріс әдеттері болмағанын айтады. Жоғалған баласын іздеуге Ақтөбеден жауынгердің әкесі мен өгей анасы да келген. Туған анасына кетіп қалуы мүмкін деген нұсқаны бозбаланың анасы жоққа шығарыпты. Ол басшылыққа өз ұлын көптен көрмегенін айтқан.  

Марат РАХМАНОВ, АҚТАУ қ. 6656 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ:

Сарбаз осыған дейін ешқандай өтініш жасаған емес. Біз үшін жағдайдың анық-қанығы белгісіз. Сарбаздың мақсаты, оның әрекеті түсініксіз. Аталған іс бойынша қызметтік тексеру тағайындалды. Менің ойымша, лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылатын болады.

Ә. Бердібеков