Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Түркістан облысында селден бір үй жарамсыз күйге түсті

AstanaTV
16.05.2022ж. 20:00
1135
Түркістан облысында селден бір үй жарамсыз күйге түсті

Түркістан облысында тағы да сел жүрді. Нөсер жауын  Қазығұрт ауданы орталығының тұрғындарын  әбігерге салды.
 
Нөсер бар- жоғы 20 минут  қана жауған. Қырдан аққан қызыл су әуелі ауылдың сырт жағындағы төменде  орналасқан тұрғын үйлерге   лап қойды. Қазығұрт ауылындағы 13 көшеге су кірді. 69 үйдің ауласы, жертөлесі мен қора-қопсысын су басты. Абырой болғанда, адам аман, мал шығыны жоқ.  Бір үй тұруға жарамсыз боп қалған. Оның тұрғындары   туыстарының үйіне уақытша орналастырылды дейді аудандық әкімдіктегілер. Бұдан бөлек 4 қора құлаған. Аулаларды  құрғату  жұмыстарына көршілес аудандардан көмекке келді. Еріктілер де тасқынның зардабын жоюға жұмылдырылған. Келген шығын есептеліп жатыр. Қазір жағдай тұрақты.  

А. Төребекқызы