Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шығыс Қазақстаннан тибет монахтарының монастырі табылды

AstanaTV
02.07.2016ж. 20:00
7025
 Шығыс Қазақстаннан тибет монахтарының монастырі табылды

Берелден тағы керемет олжа табылды. Шығыс Қазақстан облысындағы Берелді айтамын. Археолог Зейнолла Самашев бастаған экспедиция бұл жолы жауынгер және оның әйелі немесе құшқан әйелі, сосын екі сәйгүлікті тапқан. Жауынгер бар жердің баласы болған,-дегені түсінікті. Ал Карл Байпақовтың экспедициясы Өскеменнен 70 шақырым жерде тибет буддистерінің ескерткішін тапқан. Ол Абылайханның жарлығымен  тұрғызылған монастырь көрінеді. -500 тибет монахы тұрған дейді, тарихшы. Құнды деректер туралы Ирина Якунина мен Мөлдір Бақытқызы.

Берел қорымы Қатон-Қарағай ауданындағы Берел ауылы маңында орналасқан. Тұмса табиғат аясы. Құдды бір майлы бояумен салынған сурет дерсің. Көз сенбейтін сұлулық. Бұл «Патшалар жазығы»  - әлемдік өрекениеттің бай мұрасы мен олжасы осы жерде. Біздің дәуірімізге дейінгі 4-ші ғасырдан бері ақсүйек, батыр көшпенділердің сүйегі жерленген. 

Қазба жұмыстарының басы қасында әдеттегідей белгілі ғалым Зейнолла Самашев. Халықаралық Берел экспедициясының жетекші. Сонау 98-жылы қазақ-француз біріккен экспедициясын осы жерге бастап келген. Содан бері ежелгі  ғажайып мәдениетті зерттеуден танған емес.  Эспедиция биылғы маусымда да  құнды жәдігерлерден кенде емес.

Зейнолла Самашев, Тарих ғылымдарының докторы, прфессор, Ә.Х.Марғұлан атындағы археология инстиутытынң ғылыми қызметкері:

Ерекше қабатқа тап болдық. Биыл Сақ дәуіріндегі қорғандарға қазба жұмыстарын жүргізген едік. Ал мына табылғандар одан мың, мың жарым жылға ерте  өмір сүргендер.

Табылған сүйек клеткалары ата-бабаларымыздың  тегі туралы мәліметтерге тұнып тұр. Патшалар жазығы біздің дәуірімізге дейінгі 3-4 ғасырдан хабар берсе, тарихта осы кезең туралы мәлімет  жұтаң. Қытайда 50 мемлекет бірімен бірі қырқысып жатқан, Ескендір Зұлқарнайын жер жүзін жауламаққа жорыққа шыққан. Бұл кезең дүниежүзі тарихында  «Патшалықтар соғысы» деп аталады. Ал қазақ жерінде көшпенділердің қалай өмір сүргені туралы мына қорымдарға қарап көруге болады.

Зейнолла Самашев, Тарих ғылымдарының докторы, прфессор, Ә.Х.Марғұлан атындағы археология инстиутытынң ғылыми қызметкері:

Сүйектер құнды тарихи дерек көзі. Біз жапон генетиктерін шақырдық. Сынама алып ДНК –сын анықтайды. Ежелгі түріктердің генімен салыстырып, туысқандық деңгейін анықтауға тырысамыз.

 Ал мына қорған археологтар үшін, нағыз сенсация. Қорым көлемі 4*5 метр. Мұнда Патша мен отбасы мүшелері жерленген деседі. Дәлірек айтсақ, патшайым. Петербордан келген профессор Николай Боковенко  тағы біраз тарихи құпияның сыры ашылады деп, алақанын ысқылайды.

Николай  Боковенко, Санкт-Петрбург Метералды тарих мәдениеті инсититутының профессоры:

Берел қорымы өте маңызды деректерге торлы. Әр патшаның жерленген жері қандай да бір дәуірдің жетістіктерін  топтастырған. Қазір де біраз қызыққа көз жеткізіп жатырмыз.

Ал Өскеменнен небәрі 70 шақырым жерде профессор Карл Байпақовтың экспедициясы тибеттік буддистерінің бірегей кешенін аршуға кіріскен. Бұл «Абылайкит» кешені.

 17-ғасырда Ұлы жібек жолы арқылы сауда керуендері ғана емес, ғылым мен мәдениет, идея мен білім «керуендері» қатар көшкен. 3 ғасыр бұрын Абылайханның бұйрығымен Жібек жолы бойындағы  шоқы басында Тибет монастрі салынған,- дейді ғалымдар. 3 метрлік дуалмен қоршалған ғибадатханада  500 монах өмір сүріпті. Олар жергілікті тұрғындар мен келіп кетушілер арасында ағартушылықпен айналысқан. Мұнда үлкен кітапхана, құнды бұйымдар мен қазына болған деседі. Қазба жұмыстары ғибатхананың қабырғалары түрлі түсті фрескалармен өрнектелгеннін көрсетті. Биік-биік бағаналар болған. Діни мейрамдар туралы қолжазбалар мен айдаһар  мүсіндеріне дейін сақталған.  Монахтар мұнда бертінге дейін өмір сүрген. 18-ғасырдың алғашқы ширегінде Усть-каменная бекінісі бой көтергенше. Бекіністі салған генерал майор Лихарев монастырдың сызбасын қалдырып  кеткен. Осы  сызба 3 ғасыр бұрын кешеннің қандай болғаны туралы жалғыз тарихи  құжат.

Карл Байпақов, Тарих ғылымдарының докторы, прфессор, Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының бас ғылыми қызметкері:

Генерал-мойор Лихарев ескерткіштің  бар ғажайыбын көре білген. Мұрағат жинап құндылықтарды Санкт –Петербургкке жөнелтеді. Ол бірінші Петрдің қолына тиген. Ол кезде Тибет буддизмі туралы ешкім білмеген ғой. Лихарев  қолжазбаллардың біразын Париж акдемиясына сараптама жасауға жіберген.

Кітапханадағы көп қолжазбаның қайда жоғалып кеткені беймәлім. Тек кейбірі Эрмитажда сақтаулы тұр. Ал археологтар монастрдағы биылғы қазба жұмыстары  тың деректер табуға жол ашады деп сенеді.

Ерлан Ғазизов, Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының  ғылыми қызметкері:

Мұрты бұзылмай сақталған кешен. Қазақстан аумағында мұндай ескерткіштер зерттелмеген. Бұл кәсіби қазба жұмыстары жүргізіп жатқан алғашқы кешен.  Ауқымды жер, үлкен бөліктердің  шеттері аршылып, көрініп қалды. Қабырғалары мен қақпалары  айқындала бастады.

Ғалымдардың халықарлық экспедиясы біраз сенсациялық жаңалық ашуы мүмкін. Олар үш жыл бойы облыстағы бес аймақта қазба жұмыстарын жүргізеді. Берел, Абылай кит, Зайсандағы Шілікті жазығы, Тарбағатай мен Абай аудандарында.  Осы мақсатта 1 млрд теңге бөлінген. Археологтар екінші жағынан, тарихи  мекендердің көзін аршып, Алтай- Тарбағатай өңіріне туристер тартуды мақсат тұтады. 

Мөлдір Бақыт-қызы, Ирина Якунина «Біздің уақыт».