$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Енді әкімдердің рейтингі өңірдегі жолдың сапасымен анықталады

AstanaTV
17.05.2022ж. 20:00
1105
Енді әкімдердің рейтингі өңірдегі жолдың сапасымен анықталады

Жергілікті әкімдердің рейтингі  жолдың сапасымен өлшенеді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мәлімдеді. Министр Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, заң жобасы қазір талқыланып жатыр. "Көлік туралы" құжат жобасында кепілдік мерзімінде мердігерлермен тең дәрежеде авторлық және техникалық қадағалаудың бірлескен жауапкершілігі енгізілгенін айтты. Ал, әкімдердің жұмысы жөнделген жолдардың санына қарай бағаланбақ. Өйткені халық көбіне республикалық маңызға ие автожолдардан гөрі, жергілікті жолдардың сапасына наразы, дейді.  

Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Өте қарапайым. Бұл есептелетін нәрселер. Қанша шақырым жол және оның қанша бөлігі жөнделді. Ал сапа үшін әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған.


А. Данияр