Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Әскерде қаза тапқан сарбаздың ата-анасы 6 айдан бері сараптама қорытындысын ала алмай жүр

AstanaTV
17.05.2022ж. 20:00
1550
Әскерде қаза тапқан сарбаздың ата-анасы 6 айдан бері сараптама қорытындысын ала алмай жүр

Нұр-Сұлтан қаласында 6 ай бұрын әскери борышын өтеп жүрген сарбаз көз жұмған. Оның неден қайтыс болғаны әлі күнге дейін белгісіз. Марқұмның ата-анасы сараптама қорытындысын  ала алмай жүргенін айтады. Олар арнамызға шағымданды. Тілшіміз Әсел Дүкембаева Мәселенің мән-жайын рет-ретімен жеткізеді.  

Шымкенттік Бобир Сариев әскери госпитальда көз жұмған. Баласынан аяқ астында айрылып қалған ата-ана әлі ес жия алар емес. Тіпті оның неден қайтыс болғаны туралы анықтаманы да осы күнге дейін   алмаған көрінеді.

Халмат САРИЕВ, МАРҚҰМНЫҢ ӘКЕСІ:

Қазақстанның барлық облыстарынан келеді. Солардың экспертизасын көруіміз керек деді. Мейлі дедім. Ол да шықты. Әділет министрлігі мен денсаулық министрілігінен шығады деді. Ол да шықты енді тәуелсіз эксперт керек дейді. Сол содан шығу керек дейді. Сонда мен түсінбедім. Шыққанда не ол ештеңе жоқта ол жерде. Қалай қайтыс болғандарын ештеңе айтқан емес.


Әкесінің айтуынша, мәйітхана ғана бір парақ қағаз ұстатқан.  Онда  мойын-жақ қабынуы белгілерімен ауруханаға жатқызылғандығы, содан кейін қайтыс болғаны жазылған. Бірақ, бұл қағаздың заңды күші жоқ  дейді.

Халмат САРИЕВ, МАРҚҰМНЫҢ ӘКЕСІ:

Гной грудной клетки депсразу моргтен шығарғанда берген ғой. Ол документ ештеңеге жарамайды. Болды басқа қағаз берген емес маған.

 
Соңғы кезде әскерде жұмбақ өлімнің жиілет кеткені  қоғамды да алаңдатып отыр. Заң өкілі Жандос Тұяқов  экспертиза нәтижесін 6 ай күту-өте ұзақ дейді.  Айтуынша, кем дегенде  40 күннен соң  ол берілуі керек дейді.

Жандос ТҰЯҚОВ, ЗАҢГЕР:

Яғни  сараптама дайын болмаса көрсету керек. Мен осындай уақытта жібердім. Және себебін көрсету керек. Яғни, қандай да бір мысалы сарапшының жүктемесі көп болып жатқан жағдайда, сарапшының жүктемесі болып жатқан күннің өзінде 2 айдан аспайды. Ауызша күйде қалмас үшін, немесе жәбірленушілердің адвокаты тергеушінің атынан тікелей сұраныс беру керек, егер сұраныстарына жауап бермесе, онда қадағалаушы органға шағымдануға болады.


Сарбаз өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тергеушінің айтуынша, анықтаманың кешігуінің себебі бар. Үлкен көлемде сараптама тағайындалған. Оның қашан дайын болатынын өзі де айта алмайтынын жеткізді. Ал қайғыдан қан жұтқан ата-ана істің дұрыс  қаралап, әділ шешім шығуын күтіп отыр.

Ә. Дүкембаева