Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Түркістан облысында 500-ге жуық мұғалім санат көтеретін сертификатты сатып алды деген күдікке ілікті

AstanaTV
18.05.2022ж. 20:00
1259
Түркістан облысында 500-ге жуық мұғалім санат көтеретін сертификатты сатып алды деген күдікке ілікті

Түркістан облысында 500-ге жуық мұғалім санатын көтеретін сертификатты сатып алды деген күдік бар. Әлеуметтік желіде желдей ескен бұл ақпаратты аймақтың Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы растады.  Қазір сертификатардың қандай жолмен алынғанын құзырлы органдар тексеріп жатқанын айтты.  

Дінислам БОЛАТХАНҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 
Иә, өкінішке орай, сондай фактілер анықталды. Қазіргі уақытта үміттенеміз құзыретті органдар бізге анық-қанығын айтып береді деп. Одан кейін міндетті түрде бұл жерде мен әріптестеріме де айтқым келеді: жалған диплом, жалған сертификатпен мынандай білім ошақтарында академиялық шындықты сақтамайтын мүғалімдер олардың әрі қарай жұмыс істеуіне де моралдық құқығы жоқ деп мен есептеймін.

А. Төребекқызы