Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

"Егер адам оңай ақшаға жүгіріп осындай жолға түссе онда өз обалына өзіне",-П. Казанцев

AstanaTV
18.05.2022ж. 20:00
1062
"Егер адам оңай ақшаға жүгіріп осындай жолға түссе онда өз обалына өзіне",-П. Казанцев

Қаржы пирамидасын құрғандар бір ғана елордалықтардың 3 жарым млрд. теңгесін иемденген. Бұл туралы "AMANAT" партиясы елордалық филиалы ұйымдастырған дөңгелек үстелде белгілі болды. "Қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі" жиынына келген қалалық полиция аталған дерек бойынша 10 қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Мамандар алаяқтың құрбаны болғандардың көбеюі қаржылық сауаттың төмендігі дейді.

Талғат БӨЛЕГЕНОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Интернет-кеңістікке мониторинг тұрақты жүргізіледі. Жыл басынан бері 7 ресурс анықталды. Телефондағы алаяқтықты алдын алу үшін наурыз айында жаңа жоба іске қосылған болатын. Яғни енді кез келген қазақстандыққа бейтаныс номерден хабарласа алмайды. Өкінішке орай, бұл бастама белгілі себептермен қазір тоқтап тұр.


Дөңгелек үстелдің басына жиналғандар алдағы уақытта алаяқтан сақтануды ескертетін құралдарды қоғамдық орындарға орнатуды жоспарлап отыр. Қаржы пирамидаларының алаяқтық әрекеттерін біле тұра жарнамалаған адамдарды, қылмыстық жауапқа тарту туралы арнайы Заң жоқ. Мәжіліс төрағасының орынбасары Павел Казанцев, пирамидаға қатысатын адамдарды да жауапқа тарту керек деп отыр.

Павел КАЗАНЦЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Егер адам оңай ақша үшін осындай жолға түссе онда өз обалы өзіне. Ондай адамды не деп айтарымды білмеймін. Заң бойынша бірқатар өзгерістерді алдағы уақытта талқылауымыз керек. Себебі, жарнама жасайтын блогер, өнер адамдары болсын оларға қылмыстық іс қозғалуы тиіс. Қазір Алматыдағы жағдай бойынша, құзырлы органдарда заң бойынша біршама қиындықтар туындап жатыр.

Ә. Дүкембаева