Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Әуесқойдан кәсіпқой боксқа ауысқан Иван Дычко 12-кездесуін өткізбек

AstanaTV
18.05.2022ж. 20:00
953
Әуесқойдан кәсіпқой боксқа ауысқан Иван Дычко 12-кездесуін өткізбек

Көптен бері көрінбей кеткен Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының басшысы болып тағайындалды. Осы және өзге де жаңалықтар алдағы минуттарда.

Әуесқойдан кәсіпқой боксқа ауысқан Иван Дычко 12-нші кездесуін өткізбек. Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы 4 маусым күні шаршы алаңға шығады. Жекпе-жек АҚШ-та өтеді. Ең қызығы, оның кіммен жұдырықтасатыны әлі күнге дейін белгісіз. Айта кетейік, Иван соңғы кездесуін 18 желтоқсан күні Алматы қаласында өткізіп, ресейлік Александр Устиновты бірінші раунда нокаутпен жеңді. Содан соң Дычко 16 сәуір күні америкалық Дэниель Мартцпен жекпе-жек өткізуі керек болған. Бірақ кездесудің алдында отандасымыз АҚШ-қа виза ала алмай қалды.

Түркияда өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем біріншілігінің финалына өткен қазақстандықтар белгілі болды. 48 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова болгариялық қарсыласын 1 раунда нокаутқа түсіріп, алтын үшін таласу мүмкіндігіне ие болды. Ал, 52 келіде Жайна Шекербекова мен 57 келіде: Карина Ибрагимова қарсыластарына жол беріп, қола медальді қанағат тұтты. 54 келіде Дина Жоламан мен 70 келіде Валентина Хальзова жарыс жолына енді шығады. Финал 19-20 мамырға жоспарланған. Айта кетейін байрақты бәсекеге ел құрамасынан 12 спортшы аттанған болатын, оның бесеуі ғана жартылай финалға өткен еді.

Көптен бері көрінбей кеткен Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Prosports.kz спорт порталы жазды. Бұған дейін ол  бірқатар мемлекеттік қызметтер мен басшылық лауазымдарда болған.   

Менде бүгінге осы. Елдегі және әлемдегі спорттың басты оқиғаларын бірінші болып бізден біліңіздер. Амина, сөз сенде.

А. Данияр