Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жамбылда 255 мыңнан астам жас жұмыссыз жүр

AstanaTV
20.05.2022ж. 20:00
993
Жамбылда 255 мыңнан астам жас жұмыссыз жүр

Жамбыл өңірінде 255 мыңнан астам жас-жұмыссыз. Ал   Қазақстан  білімді, қолынан іс келетін жастармен жаңарады. Сондықтан оларды  тұрақты еңбекпен  қамтып, ел дамуына үлес қосуға мүмкіндік беру керек. Бұл туралы "АМАНАТ" партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы қоғамдық диалог алаңында айтылды.   Партия өкілдері бұл проблеманы жастардың өзімен бетпе-бет отырып талқылады. Қоғамдағы келеңсіз мәселелер айтылды. Жергілікті билік өкілдеріне жастар мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар берілді.    

Серікбол БЕРІКҚОЖА, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жалпы есепті кезеңде 3300 жастар қамтылып отыр. Олардың ішінде тұрақты жұмыс орындары, бос жұмыс орын ваканцияларында жастар тәжірибесінде алғашқы жұмыс орындарына кірген жастарымыз баршылық. Сонымен қатар еңбек бағдарламасы шеңберінде жастарға шағын несиелермен, гранттар беру бағыты бойынша да жұмыстар жүргізіледі.

Б. Жұмабайұлы