Билл
Гейтс атындағы стипендияны ұтып алған қарағандылық оқушы «альцгеймер» ауруын
зерттемекші. Әлемге әйгілі Дьюк университеті Дарья Андрейченконың 4 жылдық
оқуына 300 мыңға жуық АҚШ ақшасымен бірге, арнайы зерттеу жұмыстары үшін тағы 7
мың доллар бөлмек.
11 сынып оқушысы -
Дьюк университетінің грантын ұтып алған алғашқы қазақстандық. Дарья Андрейченко
ол үшін 2 жыл тынбай еңбектенгенін айтады. Ағылшын тілі, математика, биология
пәндерінен бірнеше қиын сынақтардан өткен. Нәтижесінде грантпен бірге,
стипендия мен ғылыми зерттеуге де қаржы алатын болды. Аттестатын қолына
алысымен, АҚШ-қа аттанады. Болашақ студент нейроғылым саласын зерттеуді
армандайды. «Альцгеймер», яғни ұмытшақтық ауруын емдейтін ерекше дәрілер ойлап
тапқысы келеді.
Дарья
Андрейченко, Қарағанды қаласы №38 гимназия оқушысы:
Қазір
миға байланысты аурулар көп. Миллиондаған адамдар альцгеймерден зардап шегуде.
Сондықтан оны зерттеу болашақ үшін өте маңызды. Қазақстанға келіп, осы салада
еңбек етіп, өз үлесімді қосқым келеді.
Айжан ҚУАШ