Астананың миллионыншы тұрғынына
пәтер кілті сыйға тартылды. Бүгін елорданың жаңа басшысы Әсет Исекешев
жас отбасын құттықтады. Өз пәтерлері болмағандықтан, олар ата-аналарымен тұрып
келген. Жаңа туған сәби - отбасының тұңғышы. Қыз балаға Саида деген есім берілді.
Соңғы 18 жылда Астанада туу көрсеткіші 21 есеге өскен. Былтыр 26 мың бала дүние
есігін ашыпты. Ал биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 13 мыңнан астам сәби дүниеге
келген.
Олжас
Мұхамедьяр:
Осы
ауруханаға алғыс айтамын, баламызды аман-есен өмірге әкелуге көмек бергені үшін.
Жұбайыма, ата-анамызға рахмет. Бізге жақсы елде өмір сүруге мүмкіндік бергені
үшін, дамып жатқанымыз үшін және осылай ұрпақтарымызды жалғап жатқанымыз үшін Президентке алғыс айтамыз.
Айгүл ӘДЕПБАЙ