Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Утильдік алымды алып тастау мүмкін бе?

AstanaTV
24.05.2022ж. 20:00
894
Утильдік алымды алып тастау мүмкін бе?

Биыл 700 миллиард теңгеге жуық  утилизациялық алым  жинау жоспарланып отыр.  Бұл туралы  экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты. Оның 12 миллиард теңгеге жуығы  қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және өңдеуге жұмсалады.  Сондай-ақ істен шыққан көліктер мен ауылшаруашылық техникаларын кәдеге жаратуға шамамен осыншама сома бағытталмақ.  Ал Қазақстан утильдік алымнан бас тартуы мүмкін бе деген сұраққа  Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр жауап берді. Оның айтуынша, утиль алымын  алып тастау тиімсіз.

Роман СКЛЯР, ҚР ПРЕМЕР МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Мүмкін емес ештеңе жоқ. Ананы да, мынаны да жоққа шығаруға болмайды. Біз біртұтас экономикалық кеңістікте екенімізді және көршілерімізде бұл қалдықтарды жинау бар екенін ұмытпау керек. Ал бізде өз өндірушілерімізді, машина жасаушыларды және басқаларды қорғайтын басқа механизмдеріміз жоқ. Мемлекет экономиканың кез келген саласына қолдау көрсетеді.

Б. Сатуов