Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Мүмкіндігі шектеулі жандардың референдумға қатысуы үшін инватакси қарастырылған

AstanaTV
24.05.2022ж. 20:00
1070
Мүмкіндігі шектеулі жандардың референдумға қатысуы үшін инватакси қарастырылған

Орталық референдум комиссиясының төрағасы бастаған топ бүгін  жұмыс сапарымен  Шымкентте болды. Еліміздің болашағы үшін маңызы жоғары саяси науқанға дайындықты пысықтады.
 
Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров бастаған топ алдымен дауыс беру учаскелерінің әзірлігімен танысты. Қалалық комиссия мүшелерімен кездесті. Учаскелерде барлығы сақадай сай дегенмен  шараның маңыздылығына тоқталған төраға бірқатар ұсынысын да жеткізді.  Сондай-ақ, Нұрлан Әбдіров референдумның   мемлекет  болашағы үшін маңызы жоғары екеніне тоқталды.   Саяси шараның заң  шеңберінде, әділ, еш кедергісіз өтуін қамтамасыз етуде өңірдегі референдум комиссия мүшелерінің рөлі  ерекше екенін атап өтті. Мегаполис саяси науқанға қазір  80 пайыз дайын.
 
Мұхтар ЕРМАН, ҚР ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
 
Шымкент қаласы бойынша дайындық бар. Біз қосымша ақпараттық материалдар жіберіп жатырмыз. Семинар-кеңесте  біз бірнеше мәселе көтерген болатынбыз, соның ішінде мысалы мүгедектігі бар біздің азаматтардың жағдайын жасау. Оларды  мүмкіндік болса, сол учаскеге алып келу, үлкен референдумға қатыстыру.

Шымкентте саяси науқанды өткізу үшін 317 референдум комиссиясы құрылған. Оның біреуі -қалалық, төртеуі- аудандық. 312-сі учаскелік референдум комиссиялары.

Ұлжан ИСАБАЕВА, ШЫМКЕНТ қ. РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
 
Ол 312 учаскелік референдум комиссиясының ішіндегі 19 учаскелік референдум комиссиясы жабық  бізде қала бойынша. Қазіргі таңда барлық учаскелік референдум комиссияларында құралдармен жабдықталған.  
 
5-маусым күнгі маңызды шарада Шымкент бойынша 631 мың 133 адам дауыс беру мүмкіндігіне ие. Мүгедектігі бар адамдар үшін де жағдай жасалған.  55 инватакси қарастырылып отыр.  

А. Төребекқызы