Жасөспірімдер арасында Мәдениет және спорт министрінің кубогы үшін тартысты талас өтті. 4 команда спорттың 4 түрінен өзара бақ сынады.
Балалар жылы аясында ұйымдастырылған жарысқа әр өңірден 17 команда қатысқан. Жүйріктер қатарынан оқ бойы озып шыққан 4 топ бүгін финалда кездесті. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда мен Қарағанды қаласының үздіктері. 15-16 жастағы жас спортшылар бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрес түрінен бәсекеге түсті. Айта кету керек, Министр кубогының жалпы жүлде қоры 10 миллион теңге. 1-орын алған командаға – 5 миллион, 2-орынға – 3 миллион, 3 орынға 2 миллион теңге бұйырмақ.
Дәурен АБАЕВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:
Ең басты мақсат талантты спортсмендерді табу. Екінші мақсат, осындай турнирдің арқасында олар өз кәсіби біліктіліктерін күшейтеді, жақсартады. Бірінші кезекте өз мектептерінің патртиоты болады, содан кейін еліміздің патриоты болады.