Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Дәрігерлер ойнап жүріп токқа түскен бүлдіршіннің екі қолын кесуге мәжбүр болды

Дәрігерлер ойнап жүріп токқа түскен бүлдіршіннің екі қолын кесуге мәжбүр болды

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында 5 жасар бала ойнап жүріп, токқа түсіп қалды. Дәрігерлер ауыр жарақаттанған  бүлдіршіннің екі қолын иығынан кесуге мәжбүр болған. Төрт жасар бала достарымен ойнап жүріп, жақын жердегі қосалқы электр стансасының ішіне кірген.  Сол жерде трансформаторлардың бірінің есігін ашамын деп токқа түсіпті. Қаладан дәрігер шақыртылып, санавиациямен облыс орталығына жеткізілгенімен, сәбидің халі өте ауыр, дейді дәрігерлер. Ал туыстары бұған электр желісін қараусыз қалдырған мекемені кінәлайды.

Қайырбек СИСЕНҒАЛИЕВ, ТУЫСЫ:

Кінәлі - электросеть. Кезекші жоқ, ол жер режимный, өте қауіпті объекті ғой. Баланы кінәлайық десек, бала құдайдың алдында өзінің екі қолын берді енді. Ата-ананы кінәлі дейін десең, мамасы бір дүкенге барып пол жуады, айына 20 мың теңге төлейді. Соған кетіп қалған. Тамақ асырау керек қой. 20 мың да ақша ғой. Балабақшаға берейін десе бір тиын ақшалары жоқ.

Қазталов ауданында да  алты жастағы ұл бала трансформатор ды  қолымен ұстаймын деп токқа соғылды. Денесі күйіп қалған бүлдіршін аудандық ауруханаға жатқызылды. Электр тарату компаниясы зардап шеккен отбасыға көмек қолын созып, арнайы комиссия құрған.  

Аскар Ғайсин, ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІ:

Есіктері түгел жабық болды. Подстанса түгел қоршаулы тұрған. Олар астыңғы жағынан кішкене қуыс жасап, сол жерден ішке қарай еніп, сол ойнап жүргенде бұғаттаулы тұрған ұяшықтардың бірін ашып, ішіне кіріп, токқа түскені кеше анықталды. Біз комиссия құрып, сол комиссия қазір Жаңақазан ауылына аттанып кетті.

Е. Карин