Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Туды қиранды астынан алып шыққан кім?

Туды қиранды астынан алып шыққан кім?

Шымкентте құлаған шатыр астында қалған туды алып шыққан азаматтардың әрекеті әлеуметтік желіде тез тарап, әлі қызу талқынып жатыр. Бұл жағдай Футболдан Қазақстан Премьер лигасы аясындағы Ордабасы-Ақсу командаларының кездесуі кезінде болған.  Қатты соққан жел стадионның шатырын ұшырып әкетті.  Зардап шеккендер жоқ. Алайда сол сәтте стадионға жиылған көпшілік шатыр астында адам қалып қоймады ма деген оймен қирандыны көтере бастаған. Сол сәтте  мемлекеттік рәмізді байқаған азаматтар, шатыр астына кіріп, оны алып шығуға әрекет етіпті. Көк байрағымыздың аяқ астында қалмауына үлес қосқан азаматтың бірі -Әбілқайыр Дәулетов. Әбілқайыр басында шатыр астында қалып кетуден үрейленсем де, туымыздың жерде жатқанына шыдамадым дейді.

Әбілқайыр ДӘУЛЕТОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жанымыздағы жігіттерді енді желі арқылы танып отырмыз. Ол жерде 3-4 жігіт болдық. Видео тарап кетеді деп ойламадық. Туымыз биікте желбіреп тұрсын деген мақсатта сондай болды. Тапталмасын, биікте көтеріліп тұрсын деген мақсатта алып шықтық. Мұны ешқашан батырлық деп санамаймыз. Ол жерде кез-келген азамат солай істейді деген ойлаймыз.  

Ә. Бердібеков