Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Бейбіт Ыстыбаев 3-ші мәрте «Қазақстан барысы» атанды

AstanaTV
04.07.2016ж. 20:00
3276
Бейбіт Ыстыбаев 3-ші мәрте «Қазақстан барысы» атанды

Қазақ күресінің барысы атанған Бейбіт Ыстыбаев алтын таға мен белбеуден бөлек, бас жүлдеге тігілген 25 млн теңге мен Астанадағы пәтердің кілтіне ие болды. Елорда төрінде дүркіреп өткен «Қазақстан барысы-2016» алыптар айқасына 33 палуан қатысты. Нәтижесінде жамбылдық Бейбіт Ыстыбаев мықты деп танылды.

- Үш дүркін қазақ күресінің жеңімпазы, үш дүркін алтын белбеу иегері - Бейбіт Ыстыбаев.

Финалда 140 келі Бейбіт Ыстыбаев шымкенттік палауан 160 келі салмақтағы Жұманазар Ерсұлтановпен күресті. Бірақ бәскелесін ептілігімен ұтып, жеңіске жетті. Ал қола белбеуге 90 келідегі Дәулетхан Жақыпов пен Айбол Айтбек тартысып, соңғысының күші басым түсті. Осымен "Қазақстан барысы" 6-шы жыл қатарынан өткізіліп отыр. Бүгінде ол спортты дамытумен қатар, ұлттық дәстүрді де жаңғыртуды мақсат ететін жобаға айналды. Ал Бейбіт осы жеңістерін қанағат тұтса керек, батыр «Қазақстан барысынан» кетпек ойда екен. 


Бейбіт Ыстыбав, «Қазақ барысы» республикалық турнирінің үш дүркін жеңімпазы:

Бастысы - халыққа, көрермендерге ұнаса, федерацияға рахмет, осындай жарыс ұйымдастырып, қазақша күрестің деңгейін көтеріп жатқанына. Палуандар, өз атымнан мың алғыс айтамын. Құдай қаласа, осымен спортты қойып кетуім де мүмкін. Күресуім де мүмкін. Енді оны әлі бапкермен ақылдасып, жалпы жас та келді. Жастарға орын берсек пе деген, сол!

Құралай ПИОНЕР