$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстандықтардың 76% Ата Заңға түзетулер енгізуді қолдайды

AstanaTV
27.05.2022ж. 20:00
1101
Қазақстандықтардың 76% Ата Заңға түзетулер енгізуді қолдайды

Қазақстандықтардың 75 проценттен  астамы ата заңға түзетулер енгізуді қолдайды. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты мәлімдеді. Зерттеуге еліміздің барлық өңірінен 1700-ден астам респондент қатысқан.  Оның  70 процентке жуығы конституциялық реформа елдің дамуына оң әсер етеді деп есептейді.

Дәулет КӘРІБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Партия өз жұмысында да қоғамдық пікірді ескере отырып, сонымен қатар оның тиімділігін бағалай отырып, скринингтер жүргізетін болады. Бұл жұмыстың барлығы осы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының рухына да  толық сәйкес келеді деп айта аламыз.

Саяси науқанға байланысты халық қалаулылары аймақ тұрғындарымен мыңға жуық кездесу өткізген.Сондай-ақ, депутаттар үгіт-насихат науқаны аясында тұрғындардың талап-тілектерін жинауға бағытталған акция ұйымдастырған.  Нәтижесінде 4 жарым мыңнан астам  ұсыныс түскен.

Саясат НҰРБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Кездесулерге тікелей келіп қатысқан, яғни 31 мыңнан астам адам келіп қатысты. Бірақ жанама түрде оның ішінде зум арқылы, әлеуметтік желілер онлайн арқылы қосылған адамдардың саны 220мыңнан асып кетті. 2236 мақала БАҚ-тарда сұхбат ретінде, немесе әлеуметтік желілерде пост ретінде шықты.

Б. Сатуов