Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақша айырбастау пункттері мен букмекерлік кеңселерде жалған доллар сатылған

AstanaTV
30.05.2022ж. 20:00
1011
Ақша айырбастау пункттері мен букмекерлік кеңселерде жалған доллар сатылған

Нұр-Сұлтан қаласындағы  ақша айырбастау  пункттері мен банкоматтарда, букмекерлік кеңселерде жалған доллар сатылған. Қаржы мониторингі агенттігі 54 850 доллар көлемінде жалған ақша қаражатын сақтау және өткізу бойынша  қозғалған қылмыстық істі аяқтады.  Жалған купюралар айырбастау пункттері арқылы айналымға, банкоматтар арқылы жеке шоттарды толтыруға, сондай-ақ,   букмекерлік кеңседегі жеке шоттарға енгізу арқылы айналымда жүрген.

Әлібек ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Сот үкімімен азаматтар А.А. Жомарт, И.Х. Чекиев, Р.А. Иманбаев және Б.Е. Төлеутайды шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айырылды. Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды абай болуға, және бейтаныс адамдардан шетел валютасын сатып алмауға шақырады. Жалған ақша белгілері анықталған жағдайда дереу сенім телефонына хабарласыңыз.