Биыл қуғын-сүргін құрбандары туралы 300 мыңға жуық құпия іс зерделенген. Арнайы комиссия мұрағат материалдарын жинау бойынша 30-дан астам ғылыми-іздестіру іс-сапарларын жүзеге асырған. Бұл туралы бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жоғары оқу орынының студенттерімен кездесуде мәлімдеді. Оның дерегінше қуғын-сүргін құрбандарын зерделеу барысында республика бойынша 80-нен астам жаппай жерлеу орындары анықталған. Ералы Тоғжанов мұндай зерттеулер болашақ үшін маңызды екеніне тоқталды.
Ералы ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Тарихтан тағылым деп те текке айтпаған шығар деп ойлаймыз. Оның бәрін әр уақытта есте сақтауымыз керек. Болашақ үшін. Бір жарым миллионнан аса осы елдің азаматтары құрбан болатын болса, бір милионнан асасы сол кезеңдерде елімізді тастап басқа елдерге көшуге мәжбүр болды. Сондықтан оның бәрін ұмытуға ешқандай хақымыз жоқ.
«AMAMAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов пен Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Павел Казанцев, «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне барды. Олар ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойып, өткенге тағзым жасады. Рәсімге қатысушылар сұлмат жылдардың құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Б. Сатуов