Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Референдумға 272 халықаралық байқаушы қатысады

AstanaTV
31.05.2022ж. 20:00
895
Референдумға 272 халықаралық байқаушы қатысады

Референдумға 272 халықаралық байқаушы қатысады. Бұл туралы орталық референдум комиссиясының кезекті отырысында айтылды. Оның ішінде 11 халықаралық ұйымнан 209 байқаушы аккредитациядан өткен. Олар -Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясы, Түркі мемлекеттері ұйымы мен Еуропалық Одақ өкілдігінің мүшелері.  Комиссия отырысында сондай-ақ, республикалық референдумды өткізуге байланысты жұмыстар пысықталды. Сондай-ақ, дауыс беру кезінде короновирустық инфекцияның алдын-алу бойынша да бірқатар ереже бекітілді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың саяси шараға толыққанды қатысуы үшін инватакси және сурдоаудармашылар қызметі үйымдастырылады.  Барлық мәлімет орталық референдум комиссиясының сайтында көрсетілген, ал өтініштерді айкөмек пен өңірлердегі колл орталықтарға хабарласып жеткізуге болады.

Асылбек СМАҒҰЛОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Дауыс беруге арналған бюллетендерді мөрленген күйінде, сондай-ақ референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін референдум комиссиялары орталық референдум комиссиясына тапсырады. Онда референдум қортындылары жарияланғаннан кейін, кейінгі бір ай бойы құпия ақпарат ретінде сақталып, кейін жойылады.

Б. Сатуов