Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың төрттен бірі – жастар

AstanaTV
31.05.2022ж. 20:00
1188
Референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың төрттен бірі – жастар

Референдумда дауыс беруге құқылы қазақстандықтар жалпы саны – 12 млн.-нан асады. Оның төрттен бірі – жастар. Жас буынның алдағы саяси науқанда белсенді болуы маңызды. Өйткені мемлекеттік деңгейдегі өзгерістер әр азаматтың өміріне әсер етпек. Осы ретте, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының қабырғасында «Жастар және референдум» тақырыбында оқыту семинары өтті. Мақсат – жастарды тарихи таңдау жасаудан қалыс қалмауға шақыру.

Жанар БОҚАНОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ЭЛЕКТОРАЛДЫ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Көптеген өзгерістер - биліктің басқару өзгерістерімен байланысты. Ал енді бір 10 жылдан кейін мүмкін 15 жылдан кейін осы жастарымыз елді басқарады. Мемлекеттік органдардың орнын басады деген сияқты. Сол себептен осы жастарымыздың сауаттылығын ашуымыз керек. Сайлау мәдениетін көтеруіміз керек.

А. Съезбек