Елімізде қант тапшылығы жоқ. Сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев айтты. Оның дерегінше қазіргі таңда елде 67 мың тонна қант қоры бар. Бұл халықтың сұранысын толық қанағаттандырады деді. Министрлік өкілі әлеуметтік желіде қант тапшылығы туралы тарап жүрген видеоларды көрген. Бірақ алаңдауға еш негіз жоқ деп отыр.
Ержан ҚАЗАНБАЕВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ САУДА КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Қантқа байланысты таралып жүрген бейнероликтерді көрдім. Бірақ уайымдаудың жөні жоқ екенін айтқым келеді. Қантты сауда дүкендеріне жеткізу тұрақты түрде жүріп тұр. Мүмкін кейбір сауда желілері мен нысандарынға жеткізуде қиындықтар туындаған болуы мүмкін. Бүгінгі таңда еліміздің барлық ірі сауда орындарында қант тапшылығы жоқ, қант қоры жеткілікті және тұрақты түрде жеткізіліп жатыр.
Б. Сатуов