Қазақстанда қаңтар айындағы оқиғаларға байланысты 5 мың 65 сотқа дейінгі тергеу тіркелді. 514 күдікті соттың санкциясымен қамауда отыр. Бас прокуратура ресми деректері осындай. Құзырлылар қаралып жатқан істердің дені жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілері бойынша жүргізіліп жатқанын атап өтті. Іс жүзінде мұндай қылмыстық істерді үш ай немесе алты ай ішінде аяқтау мүмкін емес" дейді№
Елдос ҚИЛЫМЖАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ 1-ҚЫЗМЕТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Әрқайсысы бойынша тексеру, заттай дәлелдемелерді алу, материалдық залалды бағалау бойынша сараптама жүргізілді. Істер бойынша мыңнан астам адам күдікті деп танылды. Бүгінгі таңда тек арнайы прокурорлардың істері бойынша еліміздің 8 өңірінде 20 мыңнан астам тергеу әрекеттері жүргізілді.
Ішкі Істер Министрілігінің дерегінше ұрланған қарулар әлі табылған жоқ. Екі мыңнан астам бірлігі іздестірілуде, бұл - үлкен арсенал болып табылады. Ол бейбіт тұрғындарға қауіп төндіреді,- деді.
Ә. Дүкембаева