$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырауда VIP нөмірін ұнататындар салықтан жалтарған

AstanaTV
01.06.2022ж. 20:00
1593
Атырауда VIP нөмірін ұнататындар салықтан жалтарған

Темір тұлпарына қымбат әрі  сәнді нөмір  таққандар салықтан жалтарған. Оны Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мамандары анықтады. Айтуларынша, мониторинг  кезінде  бюджетке ірі көлемде қаражат түспегені белгілі болған.  2019-2021 жылдары  59 тұлғадан мемлекеттік тіркеу нөмірін беру үшін  14 млн теңгеден астам мөлшерінде мемлекеттік баж бюджетке түспеген.  78 адам  3 млн теңге шамасында  мемлекеттік баж жеткіліксіз төлеген. Тағы   52 қызмет алушы  14,4 млн теңге мемлекеттік баж төлеуден негізсіз босатылғаны анықталды. Қазір қымбат нөмірді тағып ап, қомақты салықты төлемей жүргендерінің себебі тексеріліп жатыр.

Жәнібек ҚАРАЖАНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ:

Осы мониторинг нәтижесінде  мемлекетке  барлығы 31,5 млн теңгеден астам залал келтірілгендігі анықталды.  Мониторинг нәтижесімен аталған ақпарат қазіргі таңда уәкілетті орган, яғни Мемлекеттік Қызмет Істер  Агенттігінің Атырау облысы  бойынша  департаментіне жолданды. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Б. Надірқызы