$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Халықтың басым бөлігі оң өзгерістерді қалайды»,-депутат

AstanaTV
03.06.2022ж. 20:00
1390
«Халықтың басым бөлігі оң өзгерістерді қалайды»,-депутат

Мәжіліс депутаттары Конституцияға енгізілетін өзгерістерді түсіндіру мақсатында  Алматы қаласындағы «Балдәурен» балаларды оңалту орталығында болды. «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Сырым Адамбаев пен Қанат Нұров ақ халатты абзал жандарға алдағы референдумның маңызын түсіндірді. Орталық ұжымы өздерін мазалаған сұрақтарға да жауап алды.  Депутаттар естуші мемлекетке айналуымыз үшін қоғам да үнсіз қалмай, белсенділік танытуы керек екенін атап өтті. Халық мемлекеттік басқаруға атсалысуы қажет – деді.  

Сырым АДАМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мен ойлап едім қиын болатын шығар, халқымыз түсінбестік білдіретін шығар деп. Жоқ! Халқымыздың 90 пайызы өзгеріс керек деп отыр, қолдап отыр осы референдумды. Осының ішіндегі өзгерістерді қолдап отыр.