Референдум күні 11 мыңнан астам қазақстандық шет мемлекеттерде дауыс береді. 52 елде 65 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс істейді. Оның 325 мүшесі қашықтан оқытылып, республикалық референдумның құқықтық негіздері мен референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру бағдарламасы бойынша арнаулы тестілеуден өткен. Сондай-ақ Азиядағы Гонконг, Шанхай, Түрікменбашы қалаларына тасымалдау қызметі арқылы бюллетень қағаздары жеткізілген.
Ә. Дүкембаева