Қызылжар өңірінде бұрын соңды бала сүймеген 50 отбасы мемлекет қолдауының арқасында нәрестелі болды. “Аңсаған сәби” бағдарламасы аясында былтыр теріскейлік аналарға ЭКО жасату үшін 200ден астам квота бөлінген. Нәтижесінде оның жартысынан астамы бала көтерген. Мамандардың айтуынша, аймақта жасанды ұрықтандырудың тиімділігі орташа көрсеткіштен біршама жоғары.
Виктор ПРОЦЕНКО, СҚО ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ РЕПРОДУКТОЛОГ ДӘРІГЕРІ:
Tліміз бойынша ЭКО-ның тиімділігі шамамен 40 пайыз. Біздің өңірде бұл көрсеткіш 50 пайыздан асады. Қазіргі уақытта облыс бойынша жасанды ұрықтандыру кезегінде 380 әйел тұр. Оның 200-і биылғы жылдың квотасына енеді. Қалғаны келесі жылға қалады. Бізде қуаныштысы, бірнеше жылға созылған ұзын-сонар кезек жоқ.
Жалпы жасанды ұрықтандыру бағдарламасы теріскейліктер үшін іздегенге сұраған болды. Себебі, аймақ халқының санында өсім аз. Мәселен, былтыр 6500 сәби дүниеге келген, ал қайтыс болғандардың саны сегіз жарым мыңға жуықтайды. Сондықтан жергілікті билік 2021 жылдан бастап ЭКО-ға бөлінетін квота санын 10 есе арттырған.
А. Құрманкин