$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Тобыл-Торғай өңіріндегі 735 учаске таңғы жетіде есігін айқара ашты

AstanaTV
05.06.2022ж. 09:00
846
Тобыл-Торғай өңіріндегі 735 учаске таңғы жетіде  есігін айқара ашты

Өңірлерде де дауыс берушілердің белсенділігі жаман емес. Таңғы 7-ден бері референдум учаскесіне  жұрт жақсы келіп жатыр.   Қостанай облысындағы тілшіміз Заңғар Санай қазір бізбен тікелей байланысқа шығады. Заңғар, сөз сізде.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Рахмет, Әмина! Тобыл-Торғай өңіріндегі 735  учаске таңғы жетіде  есігін айқара ашты. Астықты аймақта 550 мыңнан астам сайлаушы бар. Олар таңмен таласа референдум учаскелеріне ағыла бастады.

Қала тұрғыны  Ирина Кириченко кез-келген саяси науқанға белсенді қатысатынын айтады,  үнемі  бірінші    дауыс беруге асығам дейді. Бұл жолы да учаскеге жұрттан бұрын келіп, сыйлық алды. Ол ата заңға енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды  толық оқып шыққан.

Ирина КИРИЧЕНКО, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бүгінгі рефендумның маңыздылығын терең түсініп келдім.  Конституция- негізгі заңымыз. Ал оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар келешектің қамы деп білеміз.  

Бұл күні  Қостанайдағы  87 учаскеде  745 комиссия  мүшесі жұмыс істеп жатыр. Референдумға қоғамдық бірлестік өкілдері байқаушы ретінде қатысуда.  Сайлаушылар тізіміне 172 мыңнан астам қала тұрғыны енгізілген.

Сәния ШӘРІПОВА, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:
 
Соның ішінде екі мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтар.Енді түскен арыз бойынша комиссия мүшелері бюлетеньді үйлеріне жеткізеді.Ал өздері қала бойынша сайлау учаскесіне келем деген  азаматтарға  толық жағдай жасалған.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Референдум учаскілеріне алғаш рет дауыс беруге келген жастар мен  қарт тұрғындарға түрлі сыйлықтар табысталып жатыр.Туған күн иелері де құр алақан қалмады. Кейбір учаскелерде күй күмбірлеп, ән әуелеп тұр.  Әмина, мендегі ақпарат осы.   Сөз өзіңде.

З. Санай