Ал Павлодарда дауыс беру қалай жүріп жатыр? Халықтың белсенділігі қалай? Қанша референдум учаскесі жұмыс істеп тұр? Өңірлдегі тілшіміз Өзгеріс Қуанар ол туралы толығырақ айту үшін тікелей қосылымға дайын. Өзгеріс, сіз эфирдесіз.
Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:
Қайырлы таң, Амина!
Біз қазір С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада орналасқан 15 учаскеде тұрмыз. Өңір тұрғындарының саяси науқанға деген белсенділігі жоғары. Көпшілік ауа райының қолайсыздығына қарамастан, ерте келіп дауыс беріп жатыр.
Зайда ҚАБДУЛИНА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Біз ерте келеміз осылай. Ерте келіп, саламыз жылда солай. Таңғы 4-ттен тұрдық.
Марина СТАЦЕНКО, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Мен бірінші рет дауыс бердім. Азаматтық борышымды өтеуге келдім. Бұл еліміздің болашағы үшін маңызды деп ойлаймын.
Таңмен таласа дауыс бергендер қатарында облыс әкімі де болды.
Әбілқайыр СҚАҚОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
15 учаскеде бір жарым мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Олардың 22-сі үйден дауыс беруге өтініш беріпті. Ең қарт сайлаушы 95 жастағы кейуанада өзі келуге ниет білдірген.
Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:
Аймақта 528 референдум учаске жұмыс істеп тұр. Әзірге ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Амина, мендегі бар ақпарат осы.
Ө. Қуанар