$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Референдумды 25 елдің байқаушылары бақылауда

AstanaTV
05.06.2022ж. 09:00
732
Референдумды 25 елдің байқаушылары бақылауда

Республикалық референдумның өткізілуін 272 халықаралық байқаушы бақылауда. Олар- 25 шет мемлекет пен 11 халықаралық ұйымның өкілдері. Орталық сайлау  комиссиясының төрағасы референдумға халықаралық байқаушылардың қатысуы науқанның ашықтығы мен жариялылығына, мемлекеттің халықаралық міндеттемелерді сақтауына ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар байқаушылардың белсенділігі еліміздің шет мемлекеттермен электоралдық саладағы тығыз ынтымақтастығының дәлелі екенін жеткізді.  

Нұрлан ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл шетелдік серіктестеріміздің осы оқиғаға деген қызығушылығын көрсетеді. Және біздің бірлескен, өзара іс-қимылымыздың игі дәстүрлерінің жалғасы болып табылады.   

Ә. Бердібеков