$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Президент Қ.Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

AstanaTV
05.06.2022ж. 14:00
1073
Президент Қ.Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  референдумға қатысып, дауыс берді. Мемлекет басшысы  Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында орналасқан сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Дауыс бергеннен кейін отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  үшін брифинг берді. Президент конституциялық реформаның негізгі мақсаттары мен міндеттеріне қатысты   сауалдарға жауап берді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Еліміздің тарихындағы өте маңызды күн. Халқымыз бүгін бетбұрысты шешім қабылдамақ. Ешқандай мәжбүрлік жоқ. Референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылған.