$480.61 €534.53 ₽5.28
×

"Референдумға қатысуым - жеке таңдауым",- Мемлекеттік хатшы

AstanaTV
05.06.2022ж. 14:00
987
"Референдумға қатысуым - жеке таңдауым",- Мемлекеттік хатшы

Ал, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Ұлттық кітапханадағы №111 референдум учаскесінде дауыс берді. Ол маңызды шараға отбасымен келген. Ерлан Қарин, бірінші рет 1995 жылы референдумға қатысқанын айтты. Ол кезде студент болған. Референдум бойынша бастамашы топтың құрамында болып, үйлерді аралап, халыққа Конституцияның маңыздылығына қатысты түсіндіру жұмысымен айналысқан. Биылғы референдумда да жастардың белсенділігіне жоғары баға берді.  

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:

Бүгінгі өтіп жатқан референдумға аса қатты мән береміз. Меніңше бүгін әрбір еліміздің азаматы, өзінің таңдауын жасау керек деп есептеймін. Менде елдің қатардағы бір азаматы ретінде бүгін келіп өзімнің таңдауымды жасадым.

Б. Сатуов