$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Саяси науқанға дайындық қалай жүргізілді?

AstanaTV
05.06.2022ж. 22:00
1222
Саяси науқанға дайындық қалай жүргізілді?

Ассалаумағалейкум, эфирде, жаңалықтар. Студияда Жұрағат Баман. Референдумның қорытындысы жария болды. Сандармен бірер минуттан кейін бөлісеміз. Біз осы ауқымды жұмыстың қалай басталғанын еске түсіруден бастамақпыз.

Президент пәрмен берді. Бір ай бойы билік өкілдері, арасында депутаттарымен әкімдері бар, партия мүшелерімен бірге түсіндіру жұмыстарына көшті. Ауылдан бастап, араламаған аудан, аймақ қалмады.

Жұрттың басым бөлігі референдум уәде еткен жаңа өмірдің болашағына сенді, қолдады, енді бүгін дауыс берді. Бұндай ауқымды, ел тағдырына тікелей әсер ететін шараны ұйымдастыру оңай шаруа емес. Бір ай бойғы түсіндіру жұмыстары қалай өткенін тағы бір шолып шықсақ.

Халық референдумға  ақпаратпен толық танысып барды. Бұлай дейтініміз, Ата заңға түзетулер енгізу жөніндегі референдумды қолдау үшін республикалық штаб құрылып, қарқынды үгіт-насихат жүргізілді. Оның құрамында депутаттар, қоғам қайраткерлері, танымал тұлғалар, қоғамдық ұйым өкілдері бар.

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

«Ол конституциядан біз не күтеміз, бізге қандай әсер етеді, отбасымызға әсер ете ма?» деген сұрақтар көп қойылады. Әрине, бұл саяси реформа. Қазір қалып қойған саяси жүйені базиспен қатар әкелуіміз керек.

Расында алғашында референдумды түсінбегендер көп болды. «Нақты не өзгереді, оған дайынбыз ба?» деген сауал мен пікір қарша борады. Тіпті асықпай күзде өткізсек дұрыс болар еді деушілер кездесті.

Саясат НҰРБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ,«AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
 
Бұл референдумның ерте болғаны соғырлым пайдалы, соғырлым қазіргі таңда уақытты жоғалтпай үлкен-үлкен түбегейлі өзгерісті бастауға рұқсат береді.

Аманаттықтар бір ай ішінде 11 мыңға жуық кездесу өткізді. Ата заңға енгізілетін өзгерісті ғана түсіндіріп қойған жоқ. Халықтың әлеуметтік мәселесін де тыңдады. Осылайша бір оқпен екі қоян атты.

Нұрмұхаммед БАЙҒАРАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ САЯСИ ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ, САЯСАТТАНУШЫ:


Қоғамның түрлі топ өкілдеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Соның бәлкім нәтижесі шығар бүгін дауыс беру жоғары деңгейді, белсенді түрде өтіп жатыр. Жалпы осы үгіт-насихат аясында референдумға қатысты бірнеше ерекшеліктер болды. Ең бірінші кездесулер барысында азаматтардың, тұрғындардың талап-тілектері қағаз жүзінде жиналды.

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізіліп, 2 бөлімнің атауы өзгереді. Референдумға енгізілетін бұл толықтырулар бес ірі блокқа бөлініп түсіндірілді. Алайда сарапшылар өзгеріс бірден  болмайтынын ұғыну қажет дейді. Өйткені барлығына уақыт керек.

Б. Сатуов