$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Азаматтардың белсенділігі артады",-сарапшы

AstanaTV
05.06.2022ж. 22:00
1032
"Азаматтардың белсенділігі артады",-сарапшы

Мұндай референдумдар  қалыпты жағдайға айналуы керек, референдум өткеннен кейін азаматтық белсенділік арта түсетінін түсіну қажет. Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова осылай дейді. Оның айтуынша, референдумда дауыс бере алмаған қазақстандықтардан екі өтініш түскен. Ол дауыс беру проблемасы тұрғылықты жеріндегі тіркеуден туындаған. Азаматтар сайлау учаскесіне қазіргі тұрып жатқан мекенжайы бойынша келген, бірақ алдын ала бекітілмеген.

Эльвира ӘЗІМОВА, ҚР АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ:

Бүгін үй маңындағы  учаскелерге барып, дауыс бере алмауға байланысты екі өтініш түсті.  Әрине, бір жағынан, халық БАҚ-та айтылған міндеттер мен ұсыныстарды орындамады деуге болады, бірақ екінші жағынан, бұл тек азаматтың міндеті ме, әлде бұл жауапкершілік пе деген сұрақ туындайды. Бұл республикалық деңгейде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге арналған осындай сипаттағы бірінші референдум және мұндай референдумдар біз үшін қалыпты жағдайға айналуы тиіс.

Бану НҰРҒАЗИЕВА, САРАПШЫ:

Азаматтардың белсенділігі өсіп жатыр деген сөз. Олар да осы жақсылықты қолдап отыр, ертеңгі күнін ойлап жатыр. Елдер өздері келіп, өздері дауыс беріп, өздерін таба алмай қалса, қатты ренжіп. Енді ондай да жағдайлар болып қалып жатыр. Бірақ ол енді болашақта тағы мына біздің жүйемізге жұмыс жасау керек екенін көрсетіп отыр.