$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мәжіліс Төрағасы ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының кеңесіне қатысты

AstanaTV
06.06.2022ж. 20:00
1473
Мәжіліс Төрағасы ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының кеңесіне қатысты

Мәжіліс Төрағасы, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Еревандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының кеңесіне қатысты. Отырыста Палата спикері референдумға өз өкілдерін бақылаушы ретінде жіберген ұйымға мүше мемлекеттердің парламент жетекшілеріне алғыс айтты. Әрі саяси науқанның алдын ала нәтижелерімен таныстырды. Ол референдум Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалар бағытын қоғамның қаншалықты кең қолдайтынын көрсетті, - деді. Сонымен қатар, Ерлан Қошанов Армения Республикасы Ұлттық жиналысының Төрағасы Ален Симонянмен, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Төрағасы Вячеслав Володинмен кездесіп, парламентаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Референдум – елімізде өзгерістерге деген қоғам сұранысына нақты жауап. Конституциялық өзгерістерде белгіленген Президент реформалары негізгі үш бағытты қамтиды. Бұл – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін нығайту, азаматтардың мемлекеттікті басқару ісіне қатысуын арттыру, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен тиімділігін арттыру.

А. Съезбек