Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Астана күні қарсаңында елордалық 30 жұп үйленді

AstanaTV
05.07.2016ж. 20:00
2894
Астана күні қарсаңында елордалық 30 жұп үйленді

Астана күні қарсаңында елордалық 30 жұп отау құрды. Жаппай неке қию рәсімі «Атамекен» кешенінде, ашық аспан астында өтті. Мұндай ерекше шаңырақ көтеру дәстүрі осымен 9-шы жыл ұйымдастырылып отыр.

Жұптасқандардың билеп болғаны сол еді, шараның ресми бөлігі басталғанда, жаңбыр да құйып кетті. Бірақ оған қамыққан жас жұбайлар жоқ. Керісінше, Алланың нұрына балап, қолшатырдың астында романтикаға бөленді. Шаңырақ көтергендерді шоу бизнес жұлдыздары да құттықтады. Жастар есте қалатын некелесу сәтінен суреттерге түсіп, ғашықтар шар ұшырды. Көппен бірге үйленген бақытты жұптың бірі - Бауыржан мен Сымбат Сұрақбаевтар. 5 жыл қол ұстасқан екеуі, биыл Астана күні қарсаңында үйленуді ұйғарған.

Бауыржан Сұрақбаев, күйеу жігіт:

Көңіл-күй мықты. Неке қию құжатын алдық қолымызға. Құдай қаласа, бақытты өмір сүретін сияқтымыз. Жаңбыр кедергі емес, қар жауса да, бәрібір.

Рысгүл Қауғабаева, Астана қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының міндетін атқарушы: 

Жас жұптардың барлығына бұдан бөлек сыйлық та әзірлеп қойдық. Сондай-ақ, 30 жұптың арасында теледидар алу мен Бурабайға демалуға ұтыс ойнатылады. Ал басты сыйлық - Түркияға бал айына жолдама қойылған. Жалпы Астана күні қарсаңында осымен 9-шы жыл осындай әдемі жобаны ұйымдастырып келеміз.  

Құралай ПИОНЕР