$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматы облысында бүлдіршінді көршінің иттері талаған

AstanaTV
08.06.2022ж. 20:00
2585
Алматы облысында бүлдіршінді көршінің иттері талаған

Алматы облысы Тұздыбастау ауылында 7 жастағы қыз баланы алабай иттер талаған. Ауыр жарақаттаған бүлдіршін ауруханаға жеткізілді. Ал иттің иесі болса, жәбірленушінің анасына ақша беріп құтылмақ болған.

Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:

7 жасар Мадина көшеде сіңлісімен ойнап жүрген еді. Кенеттен екі төбет көрші үйдің қақпасынан атып шығып, ойын балаларына тап берген. Қаршадай қыз сіңлісін қорғаймын деп, өзі аяусыз таланған.

Бет-аузы жыртылған, үсті-басы қан жоса бүлдіршінді әжесі ауруханаға жеткізген. Терең жарақаттарды тігуге дәрігерлер бірден кірісіп кетпеген. Олар басқа клиникаға жолдапты. Оқиға болған кезде анасы жұмыста болғанын айтты.  

Жансая ТҰРСЫН, АНАСЫ:
 
Екі жұмыс істеймін әйтеуір қызыма тамақ әкеліп беремін деп. Біз есікті құлыптап қоятынбыз, сыртқа шығармайтынбыз. Сол моментте қалай шығып кеткенін білмеймін. Ясинаны құтқарамын деп бетімді итке тостым дейді. Мен енді айнаға қарай алмаймын ба дейді.

Ал иттің иесі болса, оқиға орын алған күні жәбірленушілерге 50 мың теңге көлемінде қаражат ұсынған. Туыстары осылай құтылмақ болғаны ма, тіпті одан кейін ат ізін салмады деп ашулы.  Бізде иттердің қожайынына жолығып мән-жайды білмек болған ек, есігін ашпады.

Гүлжан БИЛЬМАНОВА, ТУЫСЫ:

Мен сендерге 50 мың теңге бердім, болды дейді. Ит кешкісін тістеді ма, бізбен ауруханаға ешқайсы бармады, скорыйға барған жоқ. Алдарына неше рет кеше следственный группамен де барып жатырмыз, мойындамайды то что ит олардікі, ответственность олардікі екенін.

Көршілердің айтуынша мұндай жағдай бірінші рет орын алып тұрған жоқ. Бұған дейін де талай байлаулы иттер босап кетіп, балалардың артынан қуып, тіпті, ересектерді де қауып алған. Тұрғындар бұл мәселе тез арада шешілсін деп жергілікті әкімшілікке ұжымдық хат та жолдады.

Мирас БАЙМОЛДАНОВ, ТҰЗДЫБАСТАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
 
Ішкі істер басқармасына бақылауға алып осы істі, аяғына дейін бітіруді сұрадық. Менің орынбасарыма әкімшілік айыппұл төлеймін, құтылып кетем деп айтыпты. Бұл енді оңай нәрсе емес. Жазасын тартса деген ойымыз, ниетіміз бар.

Бүгінде аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал төбеттер ветеринарлардың бақылауына берілді.

Ернар САЙДІЛДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Талғар аудандық полицейлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 114 бабы, 3 бөлігі «Денсаулыққа абайсызда ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Дерек бойынша, барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, барлық қажетті сараптамалар тағайыналды.

Итке таланған Мадина бүгін ауруханадан шығарылды. Ауыл әкімі кәсіпкерлермен бірігіп, әрі қарайғы ем-шараларына жәрдемдесуге уәде етті.  

М. Жақан