Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Нұр-Сұлтанда ірі сауда орталығында «Армандар ағашы» орнатылды

AstanaTV
08.06.2022ж. 20:00
1837
Нұр-Сұлтанда ірі сауда орталығында «Армандар ағашы» орнатылды

Армандар орындалады! Тағдыр тауқіметін тартып, ауыр дертке шалдыққан балалар енді арман-тілегін жазып, кейін оны қаладағы сауда орталықтарының біріне орнатылған ағашқа іле алады. Конвертте  не жазылғаны белгісіз. Шарт бойынша ашқан адам баланың өтінішін орындауы тиіс. Бүлдіршіндердің тілегін орындауға даяр демеушілер де жоқ емес. Олардың арасында қарапайым азаматтардың қарасы көп. Балалардың қалауы да әртүрлі. Смартфон, футбол добы, жұлдыз-әншімен кездесу.  Араларында аяғынан тік тұрып, жүріп кетуін тілегендері де бар.

Құрманғалым ПОЛАТҰЛЫ, АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:


Жалпы балалардың армандарын білесіздер ғой. Тек материалдық емес. Жаңа ғана көрдіңіздер, кішкентай бүлдіршініміх Ернар Айдармен кездескім келеді деді.  Аманат алдық. Тағы бір бүлдіршініміз Төреғали Төреәлімен кездескім келеді дейді.  Алла бұйыртса соны орындауға тырысамыз.