$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Бала сатқан әйелдерге сот үкім шығарды

AstanaTV
05.07.2016ж. 20:00
2468
Бала сатқан әйелдерге сот үкім шығарды

Алматыда бала саудасымен айналысқандарға сот үкім шығарды. Перзентхананың медициналық қызметкерлері мен бала саудасына қатысы бар 15 адам 2 жылдан 9 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды. Әйелдердің қолдарына сот залында кісен салынды. Олар жазаларын жалпы тәртіптегі түзету мекемесінде өтейтін болады. Ал, бала асырап алған 17 ата-ананы сот кешіріп, қылмыстық жауапкершіліктен босатты.

Еске салайық, Алматы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасы босандыру бөлімінің қызметкерлері 20 баланы сатты деп айыпталған болатын. Тергеу материалдарына сенсек, олар нәрестелерді 150 мыңнан 6 мың долларға дейін бағалаған. Олар бұл қылмысты 8 жыл бойы жалғастырған.

Айгүл ЕРМАХАН