Ұлттық құрылтай 16- маусымда жаңадан құрылған Ұлытау өңірінде өтеді. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин әлеуметтік желіде жазды. Жиынның басты міндеті – әлеуметтік консолидацияны одан әрі дамыту үшін идеялар мен қадамдарды әзірлеу деді.
Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:
Ұлттық құрылтайдың алғашқы жиыны 16 маусымда, жаңадан құрылған Ұлытау өңірінде өтеді. Консультативтік-кеңесші органның құрамында Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өкілдері, кәсіпкерлер мен белгілі сарапшылар, сондай-ақ өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелері болады.