$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Халық Президент бастамаларын қолдады" - Мәулен Әшімбаев

AstanaTV
09.06.2022ж. 20:00
1186
"Халық Президент бастамаларын қолдады" - Мәулен Әшімбаев

Халық Президент бастамаларын қолдады. Ендігі міндет - халықтың қалауын іске асыру. Парламенттің жоғары палатасы төрағасы Мәулен Әшімбаев, Сенаттың жалпы отырысында осыны айтты. Дауыс бергендердің басым бөлігі Конституцияға енгізілген өзгертулерді қолдады,  ендігі міндет халықтың қалауын іске асыру - дейді. Айтуынша, ел азаматтары үлкен өзгерістерге дайын. Бірақ ол өзгеріс референдуммен шектеліп қалмау керек екенін жеткізді.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мемлекет басшысы айтқандай, конституциялық реформа бүкіл құқық саласын жаңғыртуға жол ашады. Бұл Парламентке үлкен әрі жауапты міндеттер жүктейді. Конституциядағы өзгерістерге сәйкес ұлттық заңнамаға тиісті түзетулер енгізуіміз қажет. Осыған орай Сенат жұмысын да жетілдіру керек. Біздің басты мақсатымыз – демократиялық, құқықтық, әділетті және әлеуметтік мемлекет қалыптастыру.

А. Базарбай