Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«AMANAT» төрағасы Ерлан Қошанов партия штабының жұмысын қорытындылады

AstanaTV
09.06.2022ж. 20:00
1363
«AMANAT» төрағасы Ерлан Қошанов партия штабының жұмысын қорытындылады

«AMANAT» төрағасы Ерлан Қошанов референдум өткізуді қолдау мақсатында ұйымдастырылған республикалық партиялық штабтың жұмысын қорытындылады. Отырыс барысында партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов пен Мәжіліс төрағасының орынбасары Павел Казанцев сөз сөйледі. Үгіт-насихат кезінде азаматтардың талап-тілектерін жинау бойынша да республикалық акция нәтижелерін жариялады. 20 мыңнан астам ұсыныс түскен.  Партия төрағасы қазақстандықтардың барлық ұсыныстары мен мәселелері Үкіметпен бірлесіп пысықталуы тиіс екенін атап өтті.

Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Енді жалпы референдумда халық өз дауысымен жаңа өзгерістерді құқықтық тұрғыда ресми рәсімдеді деуге болады. Осыншама ауқымды жұмыстың мақсаты ол – тәуелсіздігімізді нығайту, Жаңа әрі   Әділетті Қазақстан құру. Енді референдум елімізде демократияның күшейгенін дәлелдеді. Ол күшейді. Ол ары қарай демократия тереңдейді,  дамиды. Себебі азаматтарымыз соңғы уақытта түбегейлі өзгерістерді талап етті. Оны бәріңіз жақсы білесіздер. Енді бүгінгі референдум соған біздің жауап деп айтуға болады Президент тарапынан.

Отырыс соңында Ерлан Қошанов штабтың барлық мүшелеріне атқарған жұмыстары үшін алғыс айтты. Еліміздің саяси жүйесіндегі алдағы өзгерістерді ескере отырып, партияның орталық аппараты мен өңірлік филиалдарына  бірқатар нақты тапсырма берді.

А. Съезбек