Қызылордада 80 жастағы балықшы әже дарияға құлап кетті. Абырой болғанда құтқарушылар байқап қалып, аман алып қалды. Қария Сырдарияның жағасына балық аулауға келіпті. Отыратын жерін тазалап жатқан уақытта, салмағымен суға ауып кеткен. Ол дарияға қалай түсіп кеткенімді өзім де аңғармай қалдым дейді.
Жақын маңда жаттығу жұмыстарын жасап жатқан құтқарушылар әжейдің дауысын ести салысымен көмекке ұмтылған. Шапшаң қимылдарының арқасында, тұншығып жатқан қарт кісіні жаға алып шықты.
Бағдат ӘЛЖАНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰТҚАРУШЫСЫ:
Айқайлап құтқарыңдар деген дауысын естідік та, сол уақытта құтқару күртешесін киіп, артымша Оразбеков Еркебұлан да келді. Үстіміздегі бар киіммен бірге секіріп, судағы зардап шегіп жатқан 80 жастағы әйел кісіні жағаға алып шықтық. Ол кісінің орналасқан орны, жағаның өзінің биіктігі 2 метр, ал су асты тереңдігі мүлде терең тұғын. Тік жар болатын тұғын. Асты 3 метрдей.
М. Тоқтасынқызы