$478.93 €534.96 ₽5.16
×

8 жастағы баланы жасөспірімдер зорлап келген

AstanaTV
13.06.2022ж. 20:00
1326
8 жастағы баланы жасөспірімдер зорлап келген

Қызылордада жаға ұстатарлық жағдай мәлім болды. 12-14 жастағы мектеп оқушылары, бастауыш сыныптағы ұл баланы зорлап келген деген күдік бар. Бұл туралы жәбірленушінің анасы айтты. Айтуынша, ұлы інісін жыныстық әрекеттерге мәжбүрлегенін кездейсоқ естіп қалған. Бірден 8 жастағы баласын сұрақтың астына алып, мұны қайдан білгенін, оны кім үйреткенін сұраған. Сонда ол өзіне көрші тұратын 5 ересек баланың осылай жасап жүргенін жайып салған.

ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:

72 мектептің қасында  құрылыс аяқталмаған үй, времянка бар. Сол үйде болатын болған. Сосын Мағжанның қорасында болатын болған. Бала көрсетті, көрдім оны. Сол үйдің ішінде болатын болған. Былтырдан бері жалғасып келген, нақты соңғы жасағандары белгісіз. Мама, білмеймін дейді.


Анасы мектеп тарапынан тәрбие- іс жөніндегі меңгеруші хабарласып, қазақылыққа салынып кешірім беруді сұрады дейді. Қалалық білім бөліміндегілер мұны жоққа шығарып отыр. Олар тәрбие іс жөніндегі меңгерушіге ешқандай тапсырма берілген жоқ,- дейді.

Шолпан ОРАЛБАЙҚЫЗЫ, ҚЫЗЫЛОРДА қ. БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Тәрбие- іс жөніндегі орынбасары ондай болды деп айта алмаймын. Себебі мұндай тапсырма ешкімге берілген жоқ. Басқа мәселе болу керек. Баланың жағдайы, қалай болды. Мүмкін олардың тарапынан да білгісі келген шығар. Психологиялық тұрғыда қажет етеді ма.

Жәбірленушінің ата-анасы балалардың үйіне барған. Ол бәрінің көзінше кінәсін мойындағанын жеткізді. Бірақ күдіктілердің кәмелеттік жасқа толмағанына байланысты іс 24 сағат ішінде жабылғанын айтты. Құзырлылардың мәліметінше, "бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалған. Кәмелетке толмаған балалар ішкі істер органдарының есебіне алынып, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі".

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған іс бойынша Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау)  қылмыстық істің тіркелу дерегіне түсіндірме берді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, ал кейбір аса ауыр қылмыстар бойынша 14 жастан басталады. Қаралып отырған жағдайда, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған балалар 12-13 жаста болғандықтан, олардың ата - аналарына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ә. Дүкембаева