Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қарағанды облысының Шет ауданында белгісіз аурудан мал қырылды

AstanaTV
13.06.2022ж. 20:00
1346
Қарағанды облысының Шет ауданында белгісіз аурудан мал қырылды

Қарағанды облысының белгісіз аурудан мал жаппай қырылып жатыр. Ветеринарлар ірі қара инфекция жұқтыруы мүмкін деп болжап отыр. Аймақтық ветеринария басқармасының ресми дерегіне сүйенсек бірнеше күнде 76 бас ірі қара арам өлген. Ал ауруға шалдыққан мал саны 200-ден асады. Белгісіз ауру Шет ауданына қарасты Ақшоқы ауылдық округінде шықты. Елді- мекендегі тоғанның жағалауына жайылатын табын кенет індетке шалдыққан. Жануарлардың тәбеті жоғалып, жүре алмай жатып қалған. Ауыруға шалдыққандарының дені бұзаулар. Өлекселер толығымен өртеліп, ауылдың кіре берісіне шектеу бекеті тұрғызылды. Ветеринарлар індет жұққан ірі қараның көбі тиісті вакцинаны дер кезінде алмағанын айтады. Өйткені Украина мен Ресейден дәрі- дәрмек уақытында келмеген. Ал Қазақстанда мұндай дәрі өндірілмейді екен.  Малдардан түрлі сынамалар алынып, Елордадағы ветеринариялық  зерттеу орталығына жіберілген.  Қорытындысы бірнеше күнде белгілі болады. Дегенмен мамандар анаэробтық инфекция болса ол топырақтан жұғуы мүмкін екенін айтты.

Қайырбек ТҰРСЫНБЕКОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Құрғақшылық па, шаң- тозаң анаэробтық инфекциялардың свойствасы тез арада өлім- жітімге әкеліп соғады да. Қатерлі ісік па, қарасан ба әлде басқа да түрі ма енді оны тек қана зертхана қорытындысымен ғана дәйекті  ала аламыз.

А. Қуаш